Көздеріңде ақыл, ой, мұң тұнады – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көздеріңде ақыл, ой, мұң тұнады» атты Фариза Оңғарсынова жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.10.2016
  • 0
  • 0
  • 8516
Көздеріңде
ақыл, ой, мұң тұнады,
адамдайсың қанбаған бір құмары.
Жаның жүдеп, дәрменсіз отырасың
маған қарай жүрегің бұлқығалы.
Мен біреуге жарқ етіп қарадым ба -
қызғанасың
жалт ойнап жанарыңда.
Менің такаппарлығым тұншықтырып,
көмілесің амалсыз нала, мүйта.
Жүрегіңді өртейді зар ма, мұң ба -
қайғы әкелер қол жетпес арман ұлға.
Мен елік боп көзіңе көрінгелі
көріксіз боп кеткендей жан жарың да.
Үміттенер мен жақтан естілмейді үн,
сезбей ме деп ой селін кештің кей күн.
Әйел сезбес сыр бар ма бұл жалғанда -
сезем бәрін. Білемін. Тек сүймеймін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көздеріңде ақыл, ой, мұң тұнады өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Көздеріңде ақыл, ой, мұң тұнады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көздеріңде ақыл, ой, мұң тұнады өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көздеріңде ақыл, ой, мұң тұнады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері