Шатақ
Бұл бетте «Шатақ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асан,
Хасан
Сүзісіп,
Аяқ асты керісті.
Өңештерін созысып,
Өре түре келісті.
Жейделерін жыртысып,
Жағаласа бастады.
Тамған терді сүртісіп,
Түкірісіп тастады.
Еріндерін жымырып,
Ерегісіп тұрысты.
Қардай жауды жұдырық
Қойғыласты, ұрысты.
Әлем-жәлем беттері,
Әлі жатыр таласып...
Алысып жүр иттері
Ауыздарын жаласып.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі