Бұл бетте «Қайтіп келем?» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
25.04.2019
0
0
3974
Қырдан төмен ағып келем,
Қыраудан гүл тағып келем.
Қалтарыста қалт-қалт етіп,
Кездескенді қағып келем.
Қырдан төмен зулап келем,
Қос жанарды сулап келем.
Қанат болып желде етегім,
Қар үстінде тулап келем.
Аяқ-қолым талып келем,
Ауыл жаққа салып келем.
Бір пар жаңа шаңғымды енді
Екі пар ғып алып келем!
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі