Бұл бетте «Қатындар жас баласын күтеді» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қатындар жас баласын күтедi,
Аямай қолдан келген шамасын.
Емiзбей, ұрып-соғып, түртедi,
Ержетiп eci кiрген баласын.
Бұ дүние бiлiмi бар адамды
Қайғылы бейнетпенен өткiзер.
Қайдағы ақылы жоқ наданды
Ойлаған тiлегiне жеткiзер.
Қарасаң, дүниенiң мiнезi
Ұқсайды қатындардың iсiне.
Анық-ақ ұрғашы екен бұл өзi,
Тынышсыз, ақылы бар кiсiге.
Рахымсыз, бiлiмi жоқ ұрғашы
Бiле ме бiлiмдiнiң қадырын.
Демеймiн дүние өтпей тұрсашы,
Мұнан да тыныш болар қабырым.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі