Сөзіне еріп алып анасының,
- 0
- 0
Сөзіне еріп алып анасының,
Жағдайына қарамай баласының.
Ердің басын қор етіп ерегіскен,
Төмендігі қынжылтты санасының.
Бұл бетте «Тәуелсіздік» атты Хожек Айгүл жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Сөзіне еріп алып анасының,
Жағдайына қарамай баласының.
Ердің басын қор етіп ерегіскен,
Төмендігі қынжылтты санасының.
Айтып ең, әкем жоқ деп бұрын маған.
Саған сонда көңілім суынбаған.
Әкең емес, жан жарың болсам дегем,
Ер жігіттің берсе егер туын маған.
Осы ма еді, аңсап күткен арманым.
Үңірейген жыртық үйдей жан-жағым.
Жалғыздықта тұншығамын еріксіз,
«Жақсы, әке» деп, кеткен кезде балдарым.
Өкініштің отына салып кетпей,
Өзімменен ілестіріп алып кетпей.
Қалайша шыдап жүрмін таң қаламын.
Сол ұшқынның отына жанып кетпей?!
Түсінбейміз, бақыттымыз бәріміз.
Бақыт іздеп,
Бақыт күтіп, тағы біз?
Аяғыма жығылмады, деп құлап,
О жалған-ай !
Басынан бір не өтпейді адамның.
Қадірін де сол түсірер бағамның.
Нағыз достар, ағайыннан мың артық,
Өмірбек Ұлпан
Әдемі шығарыпсың
Жанаділ Нұрайханым
Керемет күшті жазыпсың!
Жанаділ Нұрайханым
Керемет.