Қазақтың жігіттері
Бұл бетте «Қазақтың жігіттері» атты Жанеля Қадырқұлова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ардақтайды сыйлы болған данасын,
Аялайды нәзік жанды анасын,
Елімнің қайсар рухты жігіттері
Әлі талай асқақтатар даласын.
Жақсылығын қашан-дағы асырған,
Достың кемшін тұсын ылғи жасырған.
Жігіттері менің текті елімнің
Жаралған ғой ұлы нәзік асылдан.
Қазағымның салт-дәстүрін сақтайды,
Үміт артқан ел сенімін ақтайды.
Халқымыздың қаһарман ұландары
Қашан болсын ар-намысын сатпайды!
Жамбыл облысы, Меркі ауданы
И.И. Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының
9 сынып оқушысы: Қадырқұлова Жанеля Ерболқызы
Күшті жазылған. Маған ұнады
Қазактын жігыттеры туралы өлен
Маған катты унады
Мына текстуре по шыгарсак руксатынызды берерме едыныз
Номерынызды бересызбе
Керемет