Жазғы күн шапағын

Бұл бетте «Жазғы күн шапағын» атты Әбіш Кекілбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2016
  • 0
  • 0
  • 31118
Нұр төкті ай алапқа
Тіліп түн мұнарын,
Төніп ақ тамаққа
Қанбайды құмарым.
Ай барды жиекке
Солдырып жанарын,
Бал тамып жүрекке
Тамсанып барамын.
Бірауық құмартып,
Сүйсем ақ тамағын.
Жағыпты қызартып,
Шыққан күн далабын.
Сәулесін күн келіп,
Малыпты көлге рас.

Жазғы күн шапағын
Өшірді. Түн келді.
Қап - қара шапанын,
Дүние бүркенді.
Алыстан жарқырап,
Көк айдын көлбейді.
Қорқақ ши қалтырап,
Қоға бас тербейді.
Шегіртке шырылдап,
Көлбақа бақылдап.
Жатыр көл дуылдап,
Сақылдап, шақылдақ.
Топырлап тұяқтар
Жөңкіле жылқы өтті.
Сытырлап қияқтар
Ақ көйлек жылт етті.
Көктен бұлт арылды
Қырқаға асылды Ай.
Мен сүйем жарымды
Құмарым басылмай.
Нұр төкті ай алапқа
Тіліп түн мұнарын,
Төніп ақ тамаққа
Қанбайды құмарым.
Ай барды жиекке
Солдырып жанарын,
Бал тамып жүрекке
Тамсанып барамын.
Бірауық құмартып,
Сүйсем ақ тамағын.
Жағыпты қызартып,
Шыққан күн далабын.
Сәулесін күн келіп,
Малыпты көлге рас.
Оны біз білмедік,
Ол да мас, мен де мас.
Енді жұрт көрері
Түсті жар есіне.
Жоқ еді керегі,
Таң атты несіне?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғы күн шапағын өлеңінің авторы кім?

Әбіш Кекілбаев — осы өлеңнің авторы.

Жазғы күн шапағын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғы күн шапағын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбіш Кекілбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғы күн шапағын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері