Бұл бетте «Мектеп бітіруші түлектер әні» атты Ғабиден Қожахмет жазған білім туралы өлең берілген.
(Әнін Кемеңгер Өтеп шығарған)
Болашақтың жұлдызы
Қолын бұлғап үнемі.
Ұшты ұядан ұл-қызы
Мектебінің түлегі.
Сезім-сезім жүректен
Көз жасы боп тамады.
Балалық шақ түлекпен
Қош айтысып қалады.
Түлек самғап барады,
Бақытты алда өмірі.
Мұңға толып қалады
Ұстазының көңілі.
Сезім-сезім жүректен
Көз жасы боп тамады.
Балалық шақ түлекпен
Қош айтысып қалады.
Шақырады алыстан
Армандары асқарға.
Бала кезден табысқан
Қош айтысар достар да.
Сезім-сезім жүректен
Көз жасы боп тамады.
Балалық шақ түлекпен
Қош айтысып қалады.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі