Қуанамын көгімде аман тұрса күн
- 0
- 0
Қуанамын көгімде аман тұрса күн,
Көзін ашқан еске түсіп гүл шағым.
Құрсағымнан шыққан балам кешегі
Кезіп жүр кең дүниенің құрсағын.
Бұл бетте «Тәуелсіздік» атты Айым Далабай жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Қуанамын көгімде аман тұрса күн,
Көзін ашқан еске түсіп гүл шағым.
Құрсағымнан шыққан балам кешегі
Кезіп жүр кең дүниенің құрсағын.
Анаң сенің болады қатал қашан,
Ант берерсің күніне Отанға сан.
Мазам кетіп бір түрлі алаңдаймын,
Аптасына бір рет хат алмасам.
Аңсарың күмбірлі күй болды мәңгі,
Әніңмен оятушы ең қалғығанды.
«Сағындым туған жердің сырлы әуезін
Сал, – депсің, – кешіктірмей домбырамды...»
Япыр-ау, сабыр қайда, мазам қайда?
Қаптап тұр көз алдымда тозаң майда.
Тордағы торғайға ұқсап бұлқынумен,
Қанатын қыран көңіл жаза алмай ма?
Адам – ағын, толқынды заман – арна,
Күн көтеріп уақыт барады алға.
Тізгін тартып, қайрылып қарамайды,
Үкім айтып үстінен қарағанға.
Дауыл үріп қараспанның астынан,
Тығылады құз көзіне жас тұман.
Тұғырда бір тұрып қалған сияқты
Төніп қарап тау басынан тас қыран.
Кім жассада күшті ан екен
Маған бұл ан ұнады
Акниет
Тауелсиздикке катысты такпак