Шағала
Бұл бетте «Шағала» атты Әбіш Кекілбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көк толқын көк айдында кілкіп, қалқып,
Қайықты мазалайды түртіп, тарпып.
Сүйкеніп жөңкіп кейін шегінеді
Жағаның жағасынан сілкіп, тартып.
Өзді-өзі кейде күшін байқасады,
Бұқадай буырқанып шайқасады.
Өкіріп, өршеленіп сүзіссе де,
Жеңілсе, жентектеліп жай қашады.
Көк толқын айбат шегіп, иықтасып,
Үркеді жағалаудан тиіп қашып.
Шошынып бұрқылдаған тентегіңнен
Қыран да қалықтайды биікке асып.
Бұрқанған билей алмай өзін-өзі
Теңізден бәрі шошып безінеді.
Сескенбей шарықтайды тек шағала
Айдынды өз үйіндей сезінеді.
Маған ана өлеңін жазып бересіздерме
Ізі бар ма мына олеңнің керек еди керемет екен
бұның жалғасы бар ма ?
РАХМЕТ
Керемет олеңдер
Маған бұл өлеңдер қатты ұнады
Маған бұл өлең ұнайды
Өте керемет өлеңдер
Жақсы өлең
Шағала – Әбіш Кекілбаев - бұл өлең табиғат көрінісі мен шағаланың бейнесі арқылы табиғаттың ішкі күйі мен өмір циклының күрделі қозғалысын әсерлі сипаттайды. Автор теңіздің толқынын, оның күшін, бұрқылдаған қозғалысын дәл бейнелеу арқылы оқырманға табиғаттың ырғақты, ырқтысыз, бірақ әдемі қақтығысын сезіндіреді. Өлеңде қолданыстағы көркем сөздік құралдар — метафоралар мен қайталаулар табиғат көрінісін жанды етіп жеткізеді, бұл ой мен сезімді тереңдете түседі. Қорытындылай келе, бұл туынды табиғаттың табиғи заңдылықтарын айқын көрсетіп, оқырманға ой салатын әсерлі әдеби мысал ретінде оқылады.