Абайла, бауырым, абайла
Бұл бетте «Абайла, бауырым, абайла» атты Әбіш Кекілбаев жазған бауыр туралы өлең берілген.
Абайла, бауырым, абайла,
Ала керме, у ұрттап,
"Абайла!" деген Абай да,
Ұнатпасаң да, ұғып бақ.
Арман дейтін - арғымақ,
Шындық дейтін - шабан ат,
Үстіне жатсын жар құлап,
Шабатын әлін шамалап.
Сезім дейтін - сел нөсер,
Төзім дейтін - қара жер.
Әулекі келер жәрмес ер,
Әуреге түспей қала гөр.
Жер болмаса, нөсерден
Миуа түгіл мүк өнбес.
Қиқу қуған бөсерден
Қияметтен басқа түк өнбес.
Күшіне сенген дүлейдің
Моласы жатыр сайғақсыз.
Ісіне сенген сүлейдің
Бір ізі жоқ айғақсыз.
Көнбесең көнбе күштіге,
Аяй біл, бірақ, басты да,
Сия алсаң жердің үстіне,
Сиярсың, сірә, астына.
6 желтоқсан, 1969 жыл.
Маган абиш кекилбаевтин оленбдери унайды
Ақын өлеңдері ұнады
Әр сөзінде терең ой жатыр.
Әр сөзінде ақын өлеңдерінің,түсіне білу керек.
терең ой жатыр
мен осы өлеңмен жарысқа қатысамын
Өлеңдері өте керемет әсіресе абайла бауырым абайла
Бұл өлеңнің айтары не болдды екен сонда
Бұл өлең қатты әсер етті. Әбіш Кекілбаевтың «Абайла, бауырым, абайла» шығармасында әр жолында терең мағына жатыр, адамға ой салады. Өмір, сабыр, шындық туралы айтылған ойлары өте өзекті. Осындай мағыналы қазақша өлеңдерді жиі оқып тұру керек деп ойлаймын. Керемет жазылған!