Алмас қанжар

Бұл бетте «Алмас қанжар» атты Әбіш Кекілбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.12.2016
  • 0
  • 1
  • 23301
Жер түбінде көп дұшпан дуылдады -
Жатты қында жарқырап, суырмады.
Жаудың оғы төбеде зуылдады -
Жатты қында жарқырап, суырмады.
Жау тақалды, жүрегі суылдады -
Жатты қында жарқырап, суырмады.
Жау қамады, қалды енді қалың сында
- Сонда зорға апарды қолын қынға.
Жау сүңгісі кеудеде от шашып тұр:
Суырды - ақ алмасты тот басыпты...
1959.
Мен егер шал боп алжып өлер болсам,
Сен соны кемпір болып көрер болсаң –
Кеудеңді өртесе де жара, күйік,
Өтінем: жоқтай көрме қара киіп.
Емес бұл табиғаттың кәрі, шыда.
Қараңды өзгерт күздің сарысына.
Күз түсі көрінер-ді көрік болып,
Күзше өлсем, берерімді беріп болып.
Ғұмырым болып кетсе жолдан ада
Жоқтарсың қара киіп сонда ғана
1959.
Қараңғылық қымтап алып бір күні,
Жұмылып қап күміс күннің кірпігі.
Сыпырғышы ажал деген тирақтың
Сипап кетсе жүзімдегі күлкіні.
Садақа қыл мен кетер кешіне,
(Садақа да – тірілерге несібе).
Сосын менің сүйегімді арулап,
Мына жайды аларсың, дос, есіңе:
Құла түздің қақ төрінен көр қазып,
Көмерсіңдер аяқ-қолды кең жазып.
Топырақты саларсыңдар азырақ,
Қырдың желі соғып тұрсын азынап.
Үстіме кеп арайланып таң нұры,
Бүркіп өтсін төбеме қыр жаңбыры.
Кебінімдей ақ қар қонса бетіме,
Соның сызы өтіп жатса етіме.
Маңдайымнан адам өтсін, күлкі өтсін,
Желе-жортып үйір-үйір жылқы өтсін,
Менен шошып, түн ішінде дүрліксін,
Тұяқтардан үстіме кеп шаң қонсын,
Шаңы қонсын қырымдағы тірліктің.
1959.


Пікірлер (1)

Дарябаева Гулдана

Әбіш Кекілбаевтың өлеңдері өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алмас қанжар өлеңінің авторы кім?

Әбіш Кекілбаев — осы өлеңнің авторы.

Алмас қанжар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алмас қанжар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбіш Кекілбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алмас қанжар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері