Жалған махаббат – Ақерке Амангелды

Бұл бетте «Жалған махаббат» атты Ақерке Амангелды жазған махаббат туралы өлең берілген.

Жалған дейміз махаббатты,  өмірді,
Жалған сөзбен қалдырамыз көңілді.
Жалған сезім арнап жүріп басқаға,
Басқа жанды сүйеміз-ау жасқана.

Жалған дейміз отбасылық сезімді,
Қажет етер шын махаббат төзімді.
Таныса сап, үйленуге батамыз,
Үйлене сап, ажырасып жатамыз!

Жалған дейміз мына əлемді таңдана,
Жақтырмаймыз шындықты біз паңдана.
Жалған өмір қаламасаң егерде,
Харам дүние, надан адам таңдама


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері