Неге біз осы...? – Айбану Бақберді

Бұл бетте «Неге біз осы...?» атты Айбану Бақберді жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Армандаудан қорқамыз,жетпейміз деп,
Жеңістен де қорқамыз,жеңбейміз деп,
Қорқыныш пен үреймен өткен күндер,
Көлеңкесі бақытты түңілдірген.

Әлденені ойлаймыз,болса екен деп,
Сөйте тұра,құлаймыз бос қиял деп,
Сөнген оттың шоғы емес,күлі болып,
Қара ойдың құдығына құлап түсіп,
Дейміз ғой "үміт жоқ,бұл да бекер ".

Неге біз "болады" деп үн қатпаймыз?!
Жасырынып,тығылып,сыр сақтаймыз.
Шырмауыққа оралған тынысты біз,
Жоқ қылып,тұншықтырып,бұғаттаймыз.

Қанша жан бар жалғанда ойы жарқын,
Аша алмайды тың ойын,асу бағын.
Өткен күннің өткелінде қалып қойып,
Болашаққа ұмтылмаймыз,қанат қағып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар