Тәуелсіз еліме 25 жыл!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Тәуелсіз еліме 25 жыл!
Ұлан-байтақ неткен жер!
Дәнді-дақыл еккен жер.
Жеттік міне арманға
Қазақстан-Ерікті ел!

Талай боздақ өткен жер,
Маңдай терін төккен жер.
Тәуелсіздікке қолы
Қиындықпен жеткен жер.

Өзіңде бар Елбасы
Туыңда бар,әрине
Елтаңбаң бір ертегі
Әнұраның тәрбие.

Енді қанат жаялық
Қыран құстай самғайық.
Туымызбен тұғырлы
Бірге желек қағайық.

Егеменді ел болдық
Ел намысын сақтайық.
Қазақстан байлығын
Бөтен елге сатпайық!

Салт-дәстүрін қазақтың
Жаңғыртайық ,жасайық!
Үлгі етіп ұл-қыздарға
Үлкен үміт артайық.

Тілді сыйлап,шұбарлатпай
Қастерлейік халайық!
Қазақ тілін дамытуға
Күшімізді салайық!

25 жыл міне,толып отыр,
Егеменді еліме.
Өрт салмасын бөтен елдер
Атамекен жеріме.

Аңсап күткен бұл тойымыз
Құтты болсын бәріңізге
Ұзақ ғұмыр,бірлік ,табыс
Тілеймін жас-кәріңізге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәуелсіз еліме 25 жыл! өлеңінің авторы кім?

Садуова Әдемі Сәлімқызы — осы өлеңнің авторы.

Тәуелсіз еліме 25 жыл! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тәуелсіз еліме 25 жыл! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Садуова Әдемі Сәлімқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәуелсіз еліме 25 жыл! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері