Өлтірдің, онан таптың қандай пайда

Бұл бетте «Өлтірдің, онан таптың қандай пайда» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2015
  • 1
  • 1
  • 11171
Өлтiрдiң, онан таптың қандай пайда,
Өмiр сүрiп жүрушi ем жазда сайда.
Жетiмдiк қандайлығын көзiң көрдi,
Кешегi тiрi жүрген әкең қайда?!

Менiң де жетiм қалды балаларым,
Олар да жылайды аңсап аналарын.
Өзiң жетiм, жетiмдi аясаңшы.
Жоқ екен басыңда ми-саналарың...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Осы автордың басқа өлеңдері