Өлең, жыр, ақындар

Бозторғай

Ақын Сәбит Дөнентаевтың «Бозторғай» өлеңінің ізімен
Бозторғай (жалғасы...)

Бүркіт құс көп тыңдады Бозторғайды,
Әлсізді ол қорғамай кім қорғайды?
Байғұстың зарын, мұңын тыңдаған соң,
Ұшып шықты іздеп озбыр Тұрымтайды.

Іздеді таулар жақты,төңіректі,
Сүзіп шықты өзен бойын көл жақ бетті.
Көрінді Тұрымтай да көл жағынан,
Ұстап алды ұшып келіп ық жағынан.

Бүркіт айтты: «Қал қалай, Тұрымтайым?
Аман ба, бала -шаға,үй мен жайың?
Бірақ-ақ айтам, тиіспе Бозторғайға,
Осы еді саған айтар бұйымтайым!»

Осыны айтып Бүркіт құс ұшып кетті,
Тыныш жүр деп Тұрымтайды айтып кетті.
Бозторғайға Тұрымтай амалсыздан,
Бұдан былай тиіспеуге уәде етті.


Қызылорда қаласы, №264 мектеп-лицейінің
6 «Г» сынып оқушысы Таңжарық Мерей
Пән мұғалімі: Мұратаева Майя



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біз есірткіге қарсымыз!

  • 0
  • 0

Біз есірткіге қарсымыз!
Бабамыз деген,
Жаманан жирен,
Аулақ бол темекі, шылым шегуден.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар