Тойға тілек
Бұл бетте «Тойға тілек» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Орындалып ойдағың,
Келді ауыл-аймағың.
Думандатқан ағайын,
Құтты болсын тойларың!
Кеуде күйге толғасын,
Көңілде кір болмасын.
Шаңырақта той болған
Шаттық, бақыт орнасын!
Сөзден маржан терейік,
Ақ тілекті төгейік.
Той иесі, қашанда
Артық болсын мерейің.
Береке, бақ жиылсын,
Той дегенің – дүйім сын.
Дос-жараның қуанып,
Дұшпандарың күйінсін.
Жүзеге асып ойдағың,
Орындалсын ойларың.
Қызық, қуаныш көбейіп,
Арта берсін тойларың!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі