Жоқ деме маза өлеңде
- 0
- 0
Інгенің қысыр қалады,
Болмаса бура келенде.
Біршілігің бұзылар,
Болмаса білім көненде.
Бұл бетте «Он жыл өтті, он күндей !» атты Ерсайын Майлыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Інгенің қысыр қалады,
Болмаса бура келенде.
Біршілігің бұзылар,
Болмаса білім көненде.
Барады өмір арбадай,
Төмен қарай дөңгелеп.
Шығу жоқ енді қайтадан,
Өр үстіне өрмелеп.
Көңіл гүжім дарақтай,
Миуалары сулаған.
Иман — бұлбұл басында,
Көркейіп күнде қунаған.
Не көзелдер қор болар,
"Жақанды жолдас білем" деп.
Жиырма - отызды өткізер,
"Жүйрік пен жорға мінем" деп.
Жүкті алды "Жүдеусің", - деп пілден піше,
Жабы озып арғымақтан, алды мүше.
Бектердің, белдерінен қалды түсіп,
Күмбезді күміс кемер, алтын кісе.
Жігітке жарамайды алаң болған,
Абырой аландарға арам болған.
Өмірін өкінішпен өткереді,
Адамдай айналасы аран болған.
Медина
Рахмет сиздерге бизге керек сайт аштыныздар
Асем
өте керемет өлендер админ сізге көп рахмет