Ренжімеші – Ерсайын Майлыбаев

Бұл бетте «Ренжімеші» атты Ерсайын Майлыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Демалыста бітіп қалды үш күндік,
Өмір деген жалған екен бес күндік.
Не жетпейди бұл өмірде,
Жауабы жоқ үнсіздік,
Жақындардың жандарына,
Жара салу бір сұмдық,
Бағаларын біле тұра,
Бағаламау зұлымдық.
Ыдыс-аяқ сыңғырынсыз, арасында болмайды,
Жамандықтың ізі терең кетпес үшін,
Кінәлі адам кешірімін сұрайды,
Ескі вагон рельстермен зулайды,
Ұйкы орнына көңілімді,
Қайғы мен мұң баурайды.

P.S: Жаңа жылдық демалыстан кейін ауылдан қайтып келе жатқан кез...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар