Менің Отаным – Қазақстан
Бұл бетте «Менің Отаным – Қазақстан» атты Ақерке Қапашева жазған отан туралы өлең берілген.
-
beken
- 07.04.2017
- 0
- 3
- 15852
Отаным, туған жерім – Қазақстан,
Ауыр күндер артта қалды азап құшқан.
Бүгінде ұландарың еркін күліп,
Көгіңде қырандарың азат ұшқан.
Кең байтақ Қазақстан, жасыл далам,
Көп қиындық көрсе де жасымаған.
«Татулық», «Бейбітшілік» басты ұраның,
Сондықтан ешбір дұшпан басынбаған.
Басқадан ешбір ғажап, сый күтпеген,
Күн көруде халқың адал тірлікпенен.
Ашыққанда азық болар, шөлдегенде,
Шөл қандырар сусыны бар – бірлік деген.
Қазақстан! Ұмтылған алға қарай,
Сенен артық, ерек ел бар ма? Қалай?
Адал жүрек, ақ пейілді халқыңменен,
Жетістікке жете бер алда талай.
Оте керемет өлең маған ұнады рахмет көп көп ????
өте керемет өлең жазыпсыз осы өлеңді мектепке айтатың болдым сізге рахмет
Бұл өлең маған сабаққа көмектесті және өте керемет жазылған. Сендерге үлкен рахмет!!!????