Кешіккен көктем – Қалқаман Сарин

Бұл бетте «Кешіккен көктем» атты Қалқаман Сарин жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 08.04.2017
  • 0
  • 1
  • 12798
Етек-жеңі жиылмай,
Жатып алды кыс мынау.
Көңіл күй де – бұйырмай,
Қоңыр күйге түстім-ау.

Қытымыр қыс тұр әлі,
Кірпігіне мұз қатып.
Ызғырық жел ұрады,
Тұла бойды сыздатып.

Бізге жеткен көктем жоқ,
Жеткенменен мезгілі.
Жырлағанмен көк тер боп,
Болмайды екен сөз құны.

Құстар... Хабар бермейді,
Кешігуде көктемім.
Күндіз… көргім келмейді,
Күнтізбенің беттерін.

Барып қайттым баққа мың,
Көктем іздеп көшеден.
Іздегенмен таппадым,
Оған куә осы өлең.

Бар бақытты... Биылғы,
Көктем алып келердей.
Көптен күткен сыйымды,
Көктен алып берердей...

Күтіп жүрмін мен оны,
Көңілге сол қуаныш.
...Жалықтырды себебі,
Жатып алған мына Қыс.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Марат

Өлең өте әсерлі шыққан, Қалқаман Сариннің қолына лайық! Қыстың кешіккен көктемді күттіріп, көңілді қоңырлатып тұрғаны өте шынайы жеткізілген. Ызғырық жел, мұз қатқан кірпік, құстардың хабарсыздығы – бәрі жүрекке тиеді.
Ерекше ұнағаны:

«Етек-жеңі жиылмай, жатып алды қыс мынау» – бірден суреттейді,
Соңғы жолдардағы күту мен үміт – нағыз көктем сағынышы.

Қысқаша: керемет сезімді өлең, көпшілікке ұнайды! ❤️ Көктем тезірек келсін, қыс жалықтырмай-ақ қойсын! ❤️

Осы автордың басқа өлеңдері