Сезім хат – Нурбол Аманбеков

Бұл бетте «Сезім хат» атты Нурбол Аманбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жалғыз жүрек тулады кемдемдегі
Сезім шіркін мені де әуреледі
Жалғыздықтан жүрегім жалықты да
Серігін іздеді осы өмірдегі

Табылса екен оған өз сыңары
Бақытқа толар еді- ау көз жанары
Бұл оның сырылуымен ұзақ күткен
Сөз жетпестей аяулы ақ арманы

Тау шыңына көз салсаң даладағы,
Шың басынан көрерсің әппақ қарды,
Әппақ қар ақ жүзіңе сай келеді
Табу қиын өзіңдей сұлуларды

Көремін көздеріңнен бір бақытты,
Қабыл алшы ұсынған сезім хатты
Өзіңсіз талай менің таңым атып,
Аңсауменен қаншама күнім батты

Артық кетсем бұйырма еш айыпқа
Сүйсіне қарадым да табиғатқа
Өлең жазсам болатын шығар деп,
Өзіңдей сүп – сүйкімді адам затқа


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері