Елбасына арнау
Бұл бетте «Елбасына арнау» атты Бек Байтас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызыл тіл сөйле десе, сайрай түскен,
Шындықты жырлай берем тынбай іштен.
Жыр-дода дегенде мен дәуірлеймін,
Жорға тілді қалдырмай заңғар көштен.
Қазақта өлең деген жауһары бар,
Өлеңде арнау деген гауһары бар.
«Мен-қазақ» деген әрбір текті ұлдың
Жақсыға арнау айтар қауқары бар.
Жырласаң, жақсылықты жырла, тілім!
Жақсыға ашылады көңіл гүлім!
Кешегі Абылайлар ізін басқан.
Елбашыға арналар бүгін жырым.
Үшқоңыр баурайының белінде өскен,
Әбіштей әкесі әділ өмір кешкен.
Нұр-аға халық үшін жасар істің
Бәрін де бесенеден біліп өскен.
Жас елдің желбіретіп туын көкке,
Жанарын жас Нұрсұлтан тіккен өрге.
Сол сәттен қазақ деген ұлы елдің
Бақыты мамыражай шөккен көкте.
Далаға қала салды. Қарыштатты.
Өйткені, есіл ер ғой, намыс қатты!
Солшылдық саясатты жою үшін
Көненің жамандығын жаныштатты.
Қазақта Абай деген ақын адам,
Даналық даңғылында хәкім адам!
Абайды сүйіп өскен, әлем білген
Елбасы – өз еліне жақын адам!!!
Конкурска балама 4шумак олен жазып бересиз бе
Ел басына арнау жазып бересизбе балама конкурска
Бек Байтас деген кім? ОЛ жайында толық мәліметті қайдан аламын.?
Оте керемет ☝
Оте керемет ☝
Өте керемет ұнады
Маған көп көмегі тиді рахмет
Мә мынау болашақ Абай ғой
Мə мынауң керемет қой
Өте керемет жынды ғой мынауың жардығой
Өте керемет жазылған.Маған көп көмегі тиді .Көп көп рахмет.
Молодец
Күшті жардың
Ағайын, бұндай өлеңдерді балаға, мектепке жақындатпаңдар. Масқара ғой бұл
кайдагы бул оте кушты олен кай жерден маскарасын корып турсын
Өте керемет!
Кушти