Махаббат – Бек Байтас

Бұл бетте «Махаббат» атты Бек Байтас жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 30.05.2017
  • 0
  • 0
  • 5752
Өр кеуде сенің мінезің,
Мыңдарға татыр бір өзің,
Жырымды саған арнайын,
Қыр қызғалдағындай гүл өзің.

Бақыттың бағы сен дедім,
Сені ойлап қана келемін,
Сен менің жігер-рухымсың
Сен менің биік кемерім.

Муза боп мендік шабытқа,
Өгейлік маған танытпа.
Шырқалсын мендік шаттық ән,
Биікте, қалқам, қалықта!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері