Өлең, жыр, ақындар

Ойлан!

Ойлан!!!
Тыңда мені, жігітсымақ желіккен,
Көлік мініп, ақша шашып еріккен.
Қанша қызды ойыншық қып мәз болдың,
Ару қыздың сен көз жасын көріп п(а) ең

Жылатасың, келмес бірақ жұбатқың,
Біраз қыздың өр кеудесін құлаттың.
Осыдан соң Раян қақпа түгіл сен,
Иісін де армандама жұмақтың.

Мақтанасың достарыңа жамырап,
Шаттанып кеп күлесің ғой жадырап.
Сені кеше қатты жақсы көрген қыз,
Сені ойлаудан қорқып отыр аңырап.

Үйленгенге нәпсіңді ти, сәл шыдар,
Қара көзден ақпасыншы тамшылар.
Эй, бауырым, мына сенің үйінде,
Әпкең, анаң, қарындасың бар шығар.

Сол жандарды ұмыттың ба ол қалай,
Қазақ жігіт бұл қылығың болмады-ай.
Қазақ қызын кім қорғайды айтшы сен,
Мына сендер, мына біздер қорғамай.

Қытайларға кетті дейсің қарғайсың,
Талдай қызға айтасың ғой таудай сын.
Сол аруды жерге салып-алғанша,
Неге өзін әйел қылып алмайсың.

Ертеңді ойла, өмір сүріп бүгінде,
Әрбір қызды жалғызым де, бірім де
Қара көзден қан боп аққан әр тамшы,
Оңайлықпен жібермейді түбінде.

Айтқанымда өтірік жоқ бәрі шын,
Кейін айтам, кейін айтам тағы сын
Өлеңімнен сәлде ғибрат аларсың,
Жүрегіңде болса егер намысың.



Пікірлер (1)

Модератор

Авторы деген жері бос қалып, авторы өзім деген басылу керек.

Пікір қалдырыңыз

Туған жер

  • 0
  • 4

Туған жерім, тарихым, тұнық далам,
Барша жұрт қасиетіңді ұлықтаған.
Басқа жердің бөктері мен таулары
Дәл сенің самалыңдай жылытпаған.

Толық

Елбасына арнау

  • 0
  • 17

Қызыл тіл сөйле десе, сайрай түскен,
Шындықты жырлай берем тынбай іштен.
Жыр-дода дегенде мен дәуірлеймін,
Жорға тілді қалдырмай заңғар көштен.

Толық

Махаббат

  • 0
  • 0

Өр кеуде сенің мінезің,
Мыңдарға татыр бір өзің,
Жырымды саған арнайын,
Қыр қызғалдағындай гүл өзің.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар