Батысты жақсы көрем – Айбек Бестенқұлов

Бұл бетте «Батысты жақсы көрем» атты Айбек Бестенқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күз келiп, боялсада түр түсті алап,
Мен жүрмiн құрылыста "кiрпiш" қалап.
Үйлену оңай емес, дегенменен,
Үй салуға керек қой тың, күш талап!
Жүрсемде шеберлердiң жолын қуып,
Сәтсiздiк алғандай ма торын құрып.
Сенi ойласам шегенiң орынына,
Балғаменен жiберем қолымды ұрып.
Қалғандары мәз болып iлiнiстi,
Жаныма маза бермей үнiм iшкi.
Махаббат мұнарасын тұрғызбасам,
Қатырғаннан не пайда құрылысты?!
Шыдамады, жанарым жас жiбердi,
Тулаған теңiз болып тасқын өрдi.
Жүрегi тас секiлдi сенi ойлаймын,
Көргенде қатып қалған растворды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері