Бұл бетте «Алыптар үндестігі» атты Айдана Тасбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойлар жүрді мазалап күнде-түнде,
Абадай бар ма біреу бұл өмірде?
Сүңгіп көрсем ойымның жетегіне,
Бар екен ғой ақындар үндес бір-біріне.
Ақындарымен қазақтың теңестірсем,
Ерекше ғой бәрі де шет-шетінен,
Қаны бар деп,көрдім Шәкәрімді,
Тұстас болды екеуі әр қырымен.
Қос ақын да рух береді қаныма,
Поэзияның сән береді әр қырына
Өлеңімен өз халқын сусындатқан,
Мың тағзым қазағымның тауларына!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі