Есіңде бар ма жас күнің
Бұл бетте «Есіңде бар ма жас күнің» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Есіңде бар ма жас күнің,
Көкірегің толық, басың бос,
Қайғысыз, ойсыз, мас күнің —
Кімді көрсең, бәрі дос.
Махаббат, қызық, мал мен бақ
Көрінуші еді досқа ортақ.
Үміт жақын, көңіл ақ,
Болар ма сондай қызық шақ?
Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын, ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар!
Жалынасың, боқтайсың,
Сағынасың, жоқтайсың.
Махаббат кетті, дос кетті —
Жете алмайсың, тоқтайсың.
Көзіме жас бер, жылайын,
Шыдам бер, сабыр қылайын.
Жаралы болған жүрекке
Дауа бер, жамап сынайын.
Маған бұл өлеңдер өз мәнерімен ұнады. Тапқырлығымен,ақылдылығымен қатты ұнады.Мен Абай атамыздың өлеңдерін жақсы көремін.
ote keremet olen eken
Оте жаксы
Түсінбедім
кушты екен
Оте тамаша олен десенизши
Өте керемет,жастарға үлгі болады екен.
Абай Құнанбайұлының Есіңде бар ма жас күнің атты өлеңі маған ұнады
Білмейм
Өте күшті?
Өте керемет өлен сөздер.
Керемет! Қарапайым сөздер,мағына бар.
Уау, Абай Құнанбайұлының 'Есіңде бар ма жас күнің' өлеңін қайта оқып, көңілім босады. 'Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз, мас күнің' – жастықтың қандай әдемі суреті ғой! Махаббат, қызық, дос-жаран толы шақтар ақырын шегініп, алыстап кетеді екен... 'Махаббат кетті, дос кетті — Жете алмайсың, тоқтайсың' деген жерде көзім жасқа толды. Соңында 'Көзіме жас бер, жылайын, Шыдам бер, сабыр қылайын' деп тілеу – қандай терең! Абайдың сөзі әрқашан өзекті, өмірдің өтімділігін соншалықты дәл айтады. Рахмет, Абай өлеңдерін көбірек жариялаңдар!