Өлең, жыр, ақындар

Адам болам десеңіз ойлан бала

Адам болам десеңіз ойлан бала
Адам болу оңай дейсің қайдан ғана
Адам қылып жаратқан бізді Алла
Надан қылып жіберетін шайтан ғана

Алла бізді жаратты Адам қылып
Жақсы іске бастау үшін қадам қылып
Алланың бойсынбасаң айтқанына
Жібереді шайтан сені надан қылып

Надан болып жүргеніңе мақтанасың
Өз ойыңша сол жүрістен бақ табасың
Өз ойыңмен жүре берсең бұл өмірде
Сырт көзге жиіркенішті боп қаласың

Өзіңдегі кемшілікті байқамайсың
Жақсымын деп мақтанып айғайлайсың
Ұят қайда бауырым ойлансаңшы
Жаманмын деп сен неге айталмайсың

Жақсылардың көбісі үндемейді
Жамандарға не істеседе бəрі мейлі
Бұл өмірде Жақсылардың бір белгісі
Ойланбай ол сөйлегенді жөн көрмейді

Алла бізді Адам қылып жаратқан
Орын беріп бəрі аңсаған жұмақтан
Адам бірақ көп болмады жұмақта
Шайтан бізді тура жолдан құлатқан

Шайтан жүрген жердің бəрі дау екен
Шайтан бізге өлгенге дейін жау екен
Шүкір етіп сəжде қылған адамның
Ақыл есі өмір бойы сау екен

Алла Адамды жаратқан топырақтан
Түр əлпетін адемілеп жадыратқан
Адам сонда шүкір етіп бейнесіне
Ұялғаннан киім тікті жапырақтан

Ұят кетті адамнан бұл күндері
Ұятсыз əзіл айтып күлімдеді
Ашық шашық киініп көше кезіп
Зина жасап өтіп жатыр əр түндері

Қыздарымыз күннен күнге ашылуда
Боянам деп ақшалары шашылуда
Көрінгеннің барлығына ұнаймын деп
Əр еркектің астында басылуда

Ұялмайды қазіргі жігіттерде
Ұқсайсыңдар намысы жоқ шіріктерге
Аңдып жүріп ұялмай көше кезіп
Қарындасын зина жасауға үгіттеуде

Мақтанады ұялмай Қазақпын деп
Қазақпын деп бəрінен ғажаппын деп
Қалай ғана дəтің барды мақтануға
Мақтансайшы оданда мазақпын деп

Ұл қызымыз тоздыруда клубтарды
Ұл қыздардың тəрбиесі ұмыт қалды
Құрттайынан бермегенсоң тəрбиені
Өскен кезде айтқанына сынып қалды

Ана деген асыл сөз қайда қалды
Əке деген асқар тау қайда қалды
Асылы мен Асқары болмағаннан
Ұл қыздарды басқа ұлт пайдаланды

Ер жүрек ағалары қайда қалды
Намысты інілері қайда қалды
Намысы мен ер жүрегі болмағаннан
Қарындасты басқа ұлт пайдаланды

Ойлан Қазақ тəуелсіздік рухың барда
Ойлан Қазақ кең байтақ жерің барда
Келешек ұрпаққа біз не айтамыз
Аталардан алмаған кегің барма?





Пікірлер (2)

асия

өте керемет өлең рахмет сізге

Абдіраман

Өте тамаша

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар