Ақ ұлпа қар – Қалқаман Сарин

Бұл бетте «Ақ ұлпа қар» атты Қалқаман Сарин жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 04.09.2017
  • 0
  • 0
  • 9472
Ақ ұлпа қар қылаулап,
Жауады жанды баурап.
Алаңсыз асыр салып,
Келеді-ау алғым аунап.

Ақ ұлпа қар – көбелек,
Жауғаны сән керемет!
Жер бетін жатыр міне,
Ақ қанат әнге бөлеп.

Ақ ұлпа қарда менің –
Балалық бар дәуренім.
Қарға ұқсап кетер едім,
Жетсе егер әл-дәрменім.

Ақ ұлпа қар – құсым ед,
Кейде оның қонғысы жоқ.
Мен іштей түсінемін,
Қара жер – қарғысы көп.

Ақ ұлпа қар – ғажайып,
Амалсыз (қалды азайып).
Қонады қара жерге,
Қанатын зорға жайып.

Ақ ұлпа қар!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері