Мақта қар
Бұл бетте «Мақта қар» атты Қалқаман Сарин жазған табиғат туралы өлең берілген.
Мақта қар жауып тұр мақтаншақ,
Айнала шашылып ақ моншақ.
Ал менің жапырақ – жүрегім,
Жабықты жаз күнін қатты аңсап.
Қар жауды. Ұялшақ көктемнің,
Салқындық тағы да өпті ернін.
Құтқарып алатын мені ойдан,
Қайдасың көріктім, жоқ белгің.
Мен сені қамығып қанша күн,
Сағынып іздедім, аңсадым.
Бақ ішін қатал қыс кезіп жүр,
Тоңдырып сәмбітал саусағын.
Жазығы жоқ қардың кіршіксіз.
Бүріскен бұтасы бүршіксіз,
Ақ қайың, арманым тек менің
Мұңайып тұрғандай мұң – шықсыз.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі