Ана тілі
Бұл бетте «Ана тілі» атты Мұзафар Әлімбаев жазған тіл туралы өлең берілген.
Ана! - десем ана тілі ойға оралар.
Баладай қуанарсың тойға барар.
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл
Олжам да қанжығама байлап алар.
Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең,
Неше миллион інжу-маржан шамамен?!
Қанша гүлден - қазақ тілі бақшасы,
Қандай дана өлшер қандай бағамен?!
Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім:
Еркежан, айналайын, күнім менің,
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым,
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің!
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма?
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла.
Туған тілде ас қайырған сайын да,
Оқығандай серпіліп қал бір дұға.
Шұлғытар орыс тілді Олжастарды,
Жарқырат қазақ тілі алмастарын.
Халқына олжа салған айта алады,
Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?!
Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым,
Өміршең өзіміздің тілден таптым.
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы,
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.
Ана тілі-біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап,бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің солай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Ағасынан безген ұл!деп қараңыз.
Анам менің тамаша!
Анамнан артық бақыт жоқ.
Анамыз үшін жаралғандай мына біз
Тілеген біз анамыздың бақытың
ӨЛЕҢ ЖАҚСЫ ЕКЕН
Өте əсерлі өлең
Керемет өлең ғой маған ұнады өте әсерлі өлең жақсы
Ол өте керемет өлең мен сайыста 1-урин алума булады
Күшті..
Өте керемет өлең жолдары
Мен осы өлеңмен бүгінгі жарыста жеңетініме сенімдімін
Маған қатты ұнады өте жақсы өлең