Жаз
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап;
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала,
Жағалайды шешесін
Ет әпер деп қыңқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса,
Бәйгі атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңертеңнен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
Қайырып салған көк құсы
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап.
Өткен күннің бәрі ұмыт,
Қолдан келер қайрат жоқ,
Бағанағы байғұс шал
Ауылда тұрып күледі,
Қошемет қылып қарқылдап.
kymbat
Рахмет коп коп рахмет
Аружан
Көп көп рахмат!
Damir
Жаксы болды гой
Irina
Олен керемет. Маган унады.
Irina
Бул олен таныс сиякты.
Эльдана
Рахмет
Zhanar
Тамаша өлең
Ақнур
керемет
Арман
Жақсы болды рахмет
Adilgan
Олен узак керемет!
Adilgan
Нуп,про, Haker, бог. Па правде он Haker.
Бплым
Рахмет көп көп
Асылзат
Оте керемет екен
Жанайым
Өте жақсы өлең маған ұнады ( ˘ ³˘)❤
Myrza
Өте керемет!
Yмiт
Маған ұнады
Саяжан
Маған ұнады
Акнур
Оте оте керемет . Коп коп рахмет . Мен Абайды жаксы коремин
Сымбат
Маған ұнады өте керемет
Айман
оте керемет олен маган оте катты унады
сыздерге улкегнрахмет бул олен нен мен асыл касйет сундым
Али
Абай Құнанбайұлының Жаз өлеңі сүйікті өлеңім
Айша
Супер
Сая
Мықты!!
Асель
Басқалар толық емес еді. Жақсы болды рахмет көп көп! Әлі 14 өлеңін жаттауым керек жақсы рақмет!
Асель
Рахмет көп көп!
Шыңғыс
Өте керемет ұзақ маған ұнады
Шыңғыс
Супер
Чина
Супер
Акшолпан
Өте керемет
Ая
КУШТИ РАХМЕТ КОП КОП КОП(^з^)-☆
Братан
Күшті
Айкоркем 4 а
Оте кушты маган катты унады. Жаксы болдыгой
Кайсар Камза
Ооо мынау жаксылаума тауларма
Кайсар Камза
Кайдасындар тателер
Тұрсын Мағжан
Маған осы өлеңді жаттауға берді көп екен