Жаз
Бұл бетте «Жаз» атты Абай Құнанбайұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап;
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала,
Жағалайды шешесін
Ет әпер деп қыңқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса,
Бәйгі атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңертеңнен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
Қайырып салған көк құсы
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап.
Өткен күннің бәрі ұмыт,
Қолдан келер қайрат жоқ,
Бағанағы байғұс шал
Ауылда тұрып күледі,
Қошемет қылып қарқылдап.
Рахмет коп коп рахмет
Көп көп рахмат!
Жаксы болды гой
Олен керемет. Маган унады.
Бул олен таныс сиякты.
Рахмет
Тамаша өлең
керемет
Жақсы болды рахмет
Олен узак керемет!
Нуп,про, Haker, бог. Па правде он Haker.
Рахмет көп көп
Оте керемет екен
Өте жақсы өлең маған ұнады ( ˘ ³˘)❤
Өте керемет!
Маған ұнады
Маған ұнады
Оте оте керемет . Коп коп рахмет . Мен Абайды жаксы коремин
Маған ұнады өте керемет
оте керемет олен маган оте катты унады
сыздерге улкегнрахмет бул олен нен мен асыл касйет сундым
Абай Құнанбайұлының Жаз өлеңі сүйікті өлеңім
Супер
Мықты!!
Басқалар толық емес еді. Жақсы болды рахмет көп көп! Әлі 14 өлеңін жаттауым керек жақсы рақмет!
Рахмет көп көп!
Өте керемет ұзақ маған ұнады
Супер
Супер
Өте керемет
КУШТИ РАХМЕТ КОП КОП КОП(^з^)-☆
Күшті
Оте кушты маган катты унады. Жаксы болдыгой
Ооо мынау жаксылаума тауларма
Кайдасындар тателер
Маған осы өлеңді жаттауға берді көп екен
Күшті
Ма кушти бірак бұл неше шумак?
өте керемет рахмет
Керемет бұл 15 шумақ өте үйлесімді
Тек мен ғана 2025 тег
Абай
Ертең кешке сағат 6:де жарысқа барамыз ✈️ бұйырса 1 орын аламыз.
Зор зор
Жарайсындар
1 орын болады мына өлең
Өте жақсы өлең
саубол
Бір жерің бар сенің
Білмейтінің оттан да
Күннен де ыстық
Сен туылған ашық жер
Ол сенің асыға
Күткен туған жерің
Абай Құнанбайұлының 'Жаз' өлеңін Bilim-all.kz-те оқып, жазғы жайлаудың қандай керемет екенін тағы елестеттім! Абай атамыздың сөзі – сурет қой, әр сөзбен жаздың жылуын, жылқының ыңқылын, қымыздың дәмін сезінесің! Рақмет ұжымға! ❤️
Өте керемет, супер өлең екен. Маған қатты ұнады. Толық әрі ұзын үсінікті екен.
Өте керемет супер өлең екен!
Жақсы өлең бірақ.. Ұзыыынннн
Өте күшті ұзын дегендер бұл абай құнанбаевтың өлеңі өзі жазған оған ешкім ұзын қылып сөз қосқан жоқ
Жақсы
Абайдың «Жаз» өлеңі табиғатты өте тірі, көз алдыңа елестетіп жеткізеді.
Жаз мезгілінің көркі, ауыл өмірі, адамдар мен табиғаттың үйлесімі өте шебер суреттелген (). Осындай классикалық қазақ өлеңдері оқырманға ерекше әсер қалдырады.
Неге ұзын жаттау қиын
Өте тамаша
Өтеее өтеееееее жа м. А. Н.
Ең сүйкті өлеңім