Аңсау
Бұл бетте «Аңсау» атты Нұрбек Кеңесбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Байырғы ауыл, көне көз-ескі мақам,
Қариялар сыр шерткен кешті ұнатам.
Қобыз кеуде қарт абыз, қоңыр әуен,
Заман зарын төгуші-ед өксік ата.
Кейде өрнектеп ғұмырын дүр-абыздың,
Кейде әспеттеп қылығын бұла-қыздың...
Сәл жымиып күңгірттеу түсінуші-ем,
Естен кетпес болғанын бір аңыздың.
Онда сезім балаңдау білсін нені,
Кеудемніңде жұмбақтау тылсым демі...
Естен кетпес сондағы атамыздың,
Ей һей, өмір өтті...деп күрсінгені.
Ал әжеміз шай ұрттап қызыл күрең,
Біздер жаққа бұрғыштап жүзін кілең;
"Кәне қайсың жатқа өлең оқисыңдар?
Тек ақынға берем"- деп қызымды мен.
Жаның мұнда жәй тапсын қалай ғана,
Қайсы бірін айтсақ деп сәл ойлана:...
Содан кейін сол үйге талай бардық,
Талай өлең жаттап ап талай бала...
Авторы өзім, мүшәйраға ,
Керемет!!!????
Нурбек керемет. Жарайсын
Заманнын зангары бола билетин, Туган ел десе оне бойынан казакылык жупар анкитын , журиси ерек, бир коздик емен, Гасырлар жырын жалгайтын тулга болып ирге тасын калансын демекпин Бауырым..!
керемет туынды, керемет өлең
Нурбек Оте керемет!
өте өте өте керемет
Tangat, керемет жазады екенсіз
КЕРЕМЕТ
супер