Толғаныс
Бұл бетте «Толғаныс» атты Ерден Кабдрашидов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аламан тағдыр,
Көнбесің бар ма?
Мың түрлі жандар,
Ұмтылған алға!
Қамшыдай ғұмыр,
Ұзын да қысқа.
Билік ет оған,
Жібермей ұста.
Жақсы да жаман,
Бұл өмір сондай.
Мойынұсынам,
Амалым қалмай.
Жүретін егіз,
Қуану,қайғы.
Бұл өмір жалған,
Болмайды мәңгі.
Бақыт пен арман,
Шындық пен жалған.
Шақырыр шыңға,
Қол бұлғап алдан.
Үміт пен сезім,
Балғын шақ кезім.
Өмірдің мәнін,
Жүрекпен сезін.
Кейде керемет,
Жарығыменен.
Жалған дүние,
Саған не жетет.
Ащы да тәтті,
Сүйіндіреді.
Өмір дегенді,
Сүйемін қатты.
Жаралған дара,
Әркім тағдыры.
Берілген өмір,
Жалғыз рет қана!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі