Жастықтың оты, қайдасың
Бұл бетте «Жастықтың оты, қайдасың» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жастықтың оты, қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай?
Адамның тауып айласын,
Кісілікті ойламай.
Қаруын көңіл сайласын,
Қолға ол түспес бойламай.
Махаббат, қызық кім көрер,
Оның да дәмін татпаса?
Біржола басты кім берер,
Жаныңа қайғы батпаса.
Аямай жанын дос ерер,
Жолдастықты ақтаса.
Алдыңа айдап кім келер,
Ерінбей жүріп бақпаса.
Мал бақпақтық шаруа боп,
Адал тауып асықпай.
Құр айғаймен әуре боп,
Өнердің жайын баса ұқпай.
Енді нені істейміз,
Бәрінен де бос қалдық?
"Ауызға келіп түс" дейміз,
Қылып жүріп құр салдық
Керемет өлең мағынасы бар осыны өсіп келе жатқан жастар миына құйса игі еді
Рахметсізге қазақ тілі нен берді күшті мағнасы өленіңіз бəріне танымалболсын
шынындада тамаша абай атамыз артына үлкен із қалдырды емеспе біз соны пайдалана білуіміз керек
өте керемет жастық шақта не болмайды десеңші
Осы өлен жаттауға өте қыйын екен. Басқасы оңайлау.
бір сөзбен аитканда тамаша
керемет
Өте керемет
Керемет
Олен оте асерли
Өлең өте керемет
Абай Құнанбайұлының Жастықтың оты, қайдасың өлеңі керемет
Керемет маған өте қатты ұнады ерекше және мағынасыда күшті