Бір Қуаныш
- 1
- 0
Жадау тірлік, ой кеміріп, кемді əр күн,
Қаңқу сөзге көндігерме енді əркім?
Əттең көңіл құлазыған ен дала,
Бір ғажабы, жүрегімде сен барсың!
Бұл бетте «Туған тілім-тұғырм» атты Farida04 жазған тіл туралы өлең берілген.
Жадау тірлік, ой кеміріп, кемді əр күн,
Қаңқу сөзге көндігерме енді əркім?
Əттең көңіл құлазыған ен дала,
Бір ғажабы, жүрегімде сен барсың!
Елім менің азаттықты аңсап шын,
Батырларым күнін кешті азаптың.
Жүректілер ерлігімен көрініп,
Сақтады әрбір жерін қазақтың.
Бар табиғат сұлулығы бөктерінде
Таудай болғым келеді көк тіреген.
Аспаннан жұлдыз ағып, тіл қатса егер
«Айналдыршы мені тауға» деп тілер ем.
Нұр төгілер көздеріңнен күлімдесең,
Қайғы мұңнан ажарың бүлінбесін.
Қиындықта мұңайма, түңілме сен,
Бәрі жақсы болады күліп жүрсең.
MariaTiley
Керемет!!!

Тақырыптарды жақсы қозғай біліпсіз!
Өлеңді түсініп оқысаң керемет мән мағына жатыр!
Өнеріңіз өрге жүзе бесін #Farida04
Осы байқауда жеңуіңізге тілектеспін!!!
