Қыз өсіріп отырмыз, ұл өсіріп
- 0
- 0
Қыз өсіріп отырмыз, ұл өсіріп,
Жібек баудай бәрі де тұр есіліп.
Мен ақын да, сен қазір батыр ана,
Көңілімізді бұл бақыт жүр өсіріп.
Бұл бетте «Анама» атты Audaenbaev жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыз өсіріп отырмыз, ұл өсіріп,
Жібек баудай бәрі де тұр есіліп.
Мен ақын да, сен қазір батыр ана,
Көңілімізді бұл бақыт жүр өсіріп.
Сезім қайда, Құдай-ау лапылдаған,
Жанып кете жаздайтын жақындаған.
Ой да салқын бұл күнде, бой да салқын,
Жүректі аяз қариды сақылдаған.
Дүние, аштым тылсым есігіңді,
Тербей бер, тоқтатпағын бесігіңді.
Қойныңда құндақтаулы нәрестеңмін,
Құптаған кесімінді, шешімінді.
Хабарлама
INFO
Ыбырайдың ма