Ақындардың тағдыры

Бұл бетте «Ақындардың тағдыры» атты Серикбол Асемгул жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Осы жұрт не біледі ақын жайлы,
Ақынды әрине олар мақұлдайды.
Ал менің ақын жайлы пікіріме,
Байқаймын көп адамдар қосылмайды.

Неге ақын басқалардан дара туған,
Неге олар адалдықтан жаратылған.
Ақынды мықтылығы азамат қып,
Ақынды алтын құрсақ ана туған.

Сондықтан олар жайлы не айталам ,
Ақынның адалдығын көп байқағам.
Мен нағыз ақындарды оқығанда,
Жанымды тыншытатын бір күй табам.

Болама ақын жайлы топшылауға,
Болмайды артық сөзге көп шыдауға.
Адамның ең алғыры сол болғанмен,
Кейде оны түсінбейді жақсылар да.

Жарып түскен жарықтай қара түнді,
Мұқағали тым асқақ болатын-ды.
Ақырында арманнан ақын өлді,
Ажалына кім оның ара тұрды.

Неге өледі ақындар тым ертерек,
Ажал келді жүгіріп ол да ентелеп.
Ақырында ақкөңіл ақындарда,
Даласына кетті ғой бір еркелеп.

Өмір,өлім сәт сайын белдеседі,
Ақындардың қайғысын көрмес еді.
Ақын әулие болмаса бұл әлемде,
Ажалына тым асығып өлмес еді.

Солар еді өлеңнің қожасы да,
Солар еді адамның тазасы да.
Осы жырым арналсын дұға болып,
Арманда өлген ақындар қазасына.


Пікірлер (12)

Romaww

Керемет туынды шығыпты жарайсың

asem77

Рахмет ! Рахмет!

Нұргул

жақсы шығыпты

asem77

Рахмет !!!!

Мақсат

жазарың таусылмасын

asem77

рахмет әмин !

ТАЛҒАТ Жиембекова

Қаламың ұштала берсін

asem77

Рахмет!!!!! Әмин!!!!

Рустем

Мықты Мықты!

Қайрат

Қай өңірдің қызысың

Модератор

asem77, авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді таңдаған дұрыс болады.

asem77

рахметтт

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақындардың тағдыры өлеңінің авторы кім?

Серикбол Асемгул — осы өлеңнің авторы.

Ақындардың тағдыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақындардың тағдыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серикбол Асемгул өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақындардың тағдыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері