Интернатта оқып жүр
Бұл бетте «Интернатта оқып жүр» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Орыс тілі, жазуы –
Білсем деген таласы.
Прошение жазуға
Тырысар, келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы?
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
Иждиһатсыз, михнатсыз
Табылмас ғылым сарасы.
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Орыс теріс айтпайды,
Жаман бол деп оларды.
Қаны бұзық өзі ойлар
Қу менен сұм боларды,
Орыста қалар жаласы.
Бұл іске кім виноват:
Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың аласы?
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.
Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны тілі ащы.
Айтыңызшы, болсаңыз
Здравомыслящий,
Ақыл айтпай ма ағасы?
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге.
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге.
Қалай сабыр қыласың,
Жазықсыз күнде сөгуге?
Өнерсіздің қылығы –
Тура сөзін айта алмай,
Қит етуге бата алмай,
Қорлықпенен шіруге.
Аз ақшаға жалданып,
Өнбес іске алданып,
Жол таба алмай жүруге.
Алыс та болса іздеп тап,
Кореннойға кіруге,
«Талапты ерге нұр жауар»,
Жүріп өмір сүруге.
Я байларға қызмет қыл,
Ерінбей шауып желуге.
Адал жүріп, адал тұр,
Счетың тура келуге.
Жаныңа жақса, соңынан
Жалқауланба еруге.
Қисық болса, закон бар
Судьяға беруге.
Ол да оязной емес қой,
Алуға теңдік сенуге.
Я өз бетіңмен тәуекел,
Занимайся прямотой.
Жеңіл көрме, бек керек
Оған да ғылым, оған да ой,
Қалайынша қайда енуге?
керемет екен♥
Керемет екен сөз жоқ
керемет екен ғой
Өте əдемі
тамаша ,өте пайдалы
Қандай мағыналы сөздер,керемет
сәлеметсіз бе жақсы жазылыпты тез жаттайсын жақсы керемет тамаша
пах ширкин неткен тамаша
керемет
Керемет
Керемет
Абай Құнанбайұлының Интернатта оқып жүр өлеңі маған қатты ұнады
Өте керемет әсерлі өлең екен
неге ұзақ
Өте керемет
Узак ко
Керемет
Өте күшті жаттауға жеңіл өлген екен маған ұнады
Күшті екег
Керемет бірақ ұзақ
Тез жаттадым
Интернатта оқып жүр
Отвечаю жаттауга лайыкты екен 5-4сынапка
Бұл өлең — жасөспірімдердің оқу, өмір және болашаққа сенім туралы толғанысы. Сөздері мағыналы, ритмі мен рифмасы жүрекке жақын, әр жолында талпыныс пен жігердің көрінісі бар. Интернаттағы күндер мен армандар туралы осылай сезіммен жазылған шығармалар жастарға үлкен мотивация береді. Мұндай поэзия жастардың рухын көтеріп, оларды өмірдегі мақсатқа жетуге шабыттандырады.
Мен осы оленнен жаттауга катысып жатырмын оте коп болганы мен оте онай создері жаттап журсеніздер болады
Бұл өлеңінде орысша сөздер баршылық бірақ ұнады