Өлең, жыр, ақындар

Алматыда курста бірге оқыған әріптестерге естелік өлең

Алматы, 2017 жыл, 1 тамыз- 7 қазан арасы. Тренер – Қабдылова Гүлжанат Тоқтарбекқызы

Шабыт деген базына ма
Арнасы сарқылмайтын қазына ма?!
Бүгінгі күн ертеңгі естелік
Еріксіз өздігінен жазыла ма?!
Өлеңнің тууына түрткі себеп:
Деген соң мектепке көшбасшы керек,
Алматыда лидер болған
2-топтағы мұғалімдер демек.
Алланың тоқсан тоғыз атының
Сабыр деген екен жақының.
Осы бір қасиетті арқалаған
Биязылығына сүйсінем тренердің.
Үнінен көрмедім мен үстемдігін,
Онысына қосыңыз іскерлігін.
Алатаудың ақбас шыңдарына теңермін,
Көңілінің дарxан мінез кербездігін.
Мерует қыздың дөңгелек көзі
Дөңгелек өзі
Түсіндірген кездерде
Зуылдайды сөзі )))
Староста апай Гүлшарат
Майда тілмен қылған ишарат.
Шығын шығып қиналдыңыз кішкене,
Кешіріңіз кетсе бізден кінәрат !!!
Мақпал қыз біздің байсалды,
Қай талдауда тайсалды?!!
Қарсы келген пікірге,
Өз ұсыныс-тілегімен қарсы алды.
Әртіс көйлектің иесін,
Біздің топ,білесің.
Тал шыбықтай денесі
?????? апай билесін.
Самал десе лебізі
Жүзінен есіп тұрады,
Бірнеше өлеңдердің авторы
Самал апай топта дараланды.
Дарынды шығарыңыз сыртқары,
Оның өзі жұртқа дәрі.
Атыңды неге қоймаған Ботакөз деп,
Немесе Иманигүл деп.
Шағылысып шуағын күнге кеп,
Нұрыннан даритұғын сәуле леп!
Адамдық бойыңда мейірім нұр тұнған,
Ашулылар жібіп кетсін көргенде сені сыртыңнан!
Арыстан келген Ажар апай,
Фотограф болған қалай?
Суреттерді "лақтыруда",
Туындағаны рас дау-дамай,
Тынымсыз дамылдамай,
Соткалар "завис етті"әрқалай".
Бірақ бұл жерде
Сіздің кінәңіз жоқ ешқандай!
Бәріңе қолжетімді болсын деген
Ниетіңізге раxмет асқар таудай!
Кентаудың көріктісі Бибка апай,
Жайдарлы жарқын сөйлеуіңіз қалай!!!
Эмоциямен тасқындатып,асқындатып,
Құлпырып жүре беріңіз атқан таңдай!
Асыл текті Домалақ ана келбетіне теңедім,
Орынай апайды сырт мүсінмен салыстырдым демедім.
Сіз туралы аз біледі екенмін,
Дегенмен де бір ауыз сөз айта кетер дерегім:
Ұстамдылық бар бойыңызда адамзатқа керегі
Жағымды пікір тудырады сіз туралы себебі!
Тойжан апай толғаныстар,ұсыныстар эксперті
Дәлелдемені айқындайтын бар ебі.
дегенмен,
Желкеңіздегі ұмытшақтықты ұрыңыз,
Себебі ол - адамдарды ұрыстыратын қоғам дерті!
Жайна қыз дейді сені қара қыз,
Айналаңызға қараңыз:
Бәріміз әртүрлі:ақ,сары,қоңырмыз!
Берілген сипатқа қаймықпассыз
Егерде мән мағынасын білсеңіз:
"Қара "деген сөздің түп төркіні
"ұлы " деген сөздің термині.
Әлемде бар талай оның мысалы:
"Қара теңіз, қарасөз" тағысын тағы.
Сырт емес ішкі тұлғаңыздың,
Хәм өзіндік "меніңіздің"
Бастаушысы өзіңізсіз,дарасыз!
Мөлдірді теңедік арыстанға,
Артта қалдырды бименен жарысқанда!
Турашыл әзілдеп түйрегенде
Езуіңде қалады күлкі жиырылып!
Әсіресе,"шығады күнің де,жүнің де" дегенде руx беріп!
Voice! Voice! Voice!
Дауыс! Дауыс! Жарқыл дауыс!
Бір сөз бір адамға телулі.
Осы сөз жетіп жатыр сипаттасам ол адамды,
Қыры бар оның тағы бір жарамды:
Суретшілік дарынды
Даусымен сөйлеп отырып ,
үйлестіретін Нұргүл қыз қайсарлы!
Шашы өзіне жарасымды әдемі
Келбеті де келісті әдемі,
көйлегі де күнде жаңарып әдемі
Күлімдеген езу тартқан күлкісі де әдемі,
Есімі де Әдемі,неткен әдемі жан едің,
Үйлестірген әдемілер әлемін!
Демалуға келдім деп,
Үндемей отырып құтылған.
Демалып жүре беріңіз,
Әдемілігіңізді жалғап сан қырдан!
Қазақша да орысша да ұрады,
Ол үшін басқа біреу коучинг құрады.
Айтарын аңдамай ашық айтатын,
Әлиядай апайға мақтау айтуға тұрады.
Феризат апай тыңғылықты фактілерді атайды,
ой өрісімен қолы бірге дирижерлік жасайды.
Сұxбаттасу кезінде бар бейімімен беріліп,
Сөзі мәнді,мінезі ашық жайдары.
Өзіндік "мені" бар білдіретін,
Мінез бар екі аяғыңды бір етікке кидіретін.
Топтағы ең сұлу әйел ол,себебі:
Жүрегінің астында тағы бір жүректі көтеретін!
Салмақты салиxалы ойлайтын Гүлнұр,
Әдемі қараторы келіншек Гүлнұр
Гүлді көйлектерімен өң берген
Құлпырып жүрген гүлсіз сіз бір.
Күлімкөз Мираш апай көңілі жас
Сіздей жанға жайлы жан табылмас!
Жүзіңізден білінбейді қатулық
Соған қарағанда тартады сізге жақындық.

Езуінен күлкі кетпей қарайтын Малика,
Қиын есептердің шешімін таба бер деп "Эврика!"
Айналаңды күлкіңмен қуанышқа балап,
Математикамен түсіндірсең қандай ғажап!
Раушан апай сүйкімді,
Тығырықтан шығады түйткілді.
Мінезі жұмсақ байсалды,
Күлімдеген көркі де биязы.
Айтар ойы,қарым-қатынасы шынайы,
қарағанда көзқарасы шырайлы!
Райxан апай біздің пысық қой,
Сан қырын түрлендіріп сызып қой,
Тест жасап отырып әзілдей береді
Өзі сондай көңілді,қызық қой.
Суретке де үлгереді түсіп жүгіріп,
Сөзімен де тездетеді жылдам үлгеріп,
Бойы кішкентай болса да томпақ қана,
Ойы,адамгершілік тұлғасы үлкен дана!
Үлгі болсын біздерге дара.
Мінезі жұмсақ,көңілі шалқар дарxан
Қазағымның саржайлауындай кең жатқан,
Өз орнында ілтипатпен жайланған,
Бүгінде Гүлмира апай ардақты әже атанған.
Маржан қыз,өмірін алсақ қайсар қыз,
Кішіпейіл, жарқ етпейтін неткен дарxансыз!
Торт алып туған күнін тойлаған,
Шапағын төксін саған күн алдан!
Тұрып та отырып та суретке түсіп жатады,
Өзінен кейін өзгелерді кадрға алады
Уатсапта суреттерді шарлатады,
Ал сосын группаны шулатады.
Содан бастап алдын ала ескертіп Ильмира апай:
"Әріптестер,бес сурет,бір видео салам "деп үн қатады.
Атына мінезі сай назды қоңыржай Назкен
Еріксіз бауыр басқызған мейіріңіз кең неткен!
Жас жүзіңіз жарқылдап шуақ төккен,
Көңіліңіз сіздің көкөрай шалғын көктем!
Нұрболат ағай сымбатты
Сымбаттыны баптаған жеңгеміз біздің қымбатты!
Ноутбуктің құлағын бұрайтын
"it-щник" білгір,
Алғыс алып жатқаныңыз сауапты іс бір!
Біздің ағай тамаша,
Тренерге жыр арнаған жаңаша.
Қайырым жасар қазынаңыз бар
Болады өзіңізді асқау тауға баласа!
Кенжегүл деп еркелеткен ағама,
Бір ауыз өлең айтсам жағам ба?!
Ұйқастарым келмей жатса арада,
Ғафу етерсіз,тәжірибемнің тапшылығы бұл алайда.
Ақылын айтып көмегін аямаған ағатайым,
Ризашылығымды білдіргім келді қалайда!
Жүйткіген пойыз Алматыдан Астанаға,
Вагонға толған адамдарда ұйқы ғана.
Өткенді естелік деп еске алып жатқанда,
Осындай өлең жолдары өрілді санаға!
Жол сапарында жүрген әріптестерім,
Амандық тілеймін баршаңызға!
Қайта келіп жолыққанда
Қауышуға жаздырсын Хақ тағала!

Өлең авторы: Тамбай Жайнакүл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алғыс айту күні

  • 0
  • 0

Тарихымның сан тарау парақтарын,
Асықпай ой көзіммен парақтадым.
Елімнің кешіп қиын қыстау кезеңін,
Басымнан өткердім мұң, азап таңын.

Толық

Қарап көріңіз