Қандай қымбат – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Қандай қымбат» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.12.2015
  • 0
  • 2
  • 8482
Өтермін... қанша жүрем...- ұзамаспын,
Ажалдың тас құрсауын бұза алмаспын.
Ойласаң қысқа өмірдіңқызығы аз ба -
Мен өзім сондай оймен ырзаластым.
Тірліктің тынысынан елтимін де,
Ақындық шабытынан қыза маспын.
Өрнектеп көкейдегі ой мен сөзді,
Шырқаймын қиянына құз-жартастың...
Қадірін уақыттың кім біледі?
Жасында кімдер оған ділгір еді?
Секундтің сыртылы енді бір ғұмырдай,
Сағаттың қандай қымбат күмбірлеуі?!


Пікірлер (2)

Әйгерім

Өте тамаша,жақсы болды іздеп таба алмай жүрген едім!

Ақназ

Маған барлық өлеңдер ұнады, бірақ ең қатты ұнағаны "Қандай қымбат" өлеңі. Керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері