Өмір деген – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Өмір деген» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3251
Өмір деген, бір қуаныш бір қайғы.
Бір сезім бар,
Түн ұйқымды ұрлайды.
Өтіп жатыр, байқалмайды уақыт,
Өмір шіркін бір орнында тұрмайды.
Бұл дүниеде қарап тұрсам қанша мұң!
Көңілінен шықпадым ба қаншаның?!
Тауда туған бала едім,
Аллам-ай,
Сол таудағы жасын берші – аршаның!
Қанша реніш, қанша өкініш, қанша мұң?!
Жасын берші көп жасайтын аршаның!
Сонда ғана жетер ме екем арманға,
Орындайтын өтінішін баршаның.
Кейбіреуі сындырып жүр сағымды.
Кейбіреудің әңгімесі жағымды.
О дүниенің сырын сірә білмеймін,
Осы өмірде тапсам деймін бағымды.
Біреулері, сырын айтып ұнамды.
Біреулері, тауық дейді – қыранды.
Бір Алладан үмітімді үзбедім,
Намаз түгіл,білмесем де құранды.
Өскен ұл ем қадір тұтып қыр гүлін,
Шағынардай емес бүгін тірлігім.
Бұл ғасырда бақ орнаған қазаққа,
Шайқалмасын береке мен бірлігің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір деген өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Өмір деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір деген өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері