Балалық досы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Балалық досы» атты Сырбай Мәуленов жазған бала туралы өлең берілген.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3937
Достары қандай ыстық балалықтың,
Мен оны көп жылдан соң жаңада ұқтым.
Жарысу жалаң аяқ қызық еді,
Астында сіркіреген қара бұлттың.
Сылдыр — су, бұлыңғыр — бу таң алдында
Іздедім балалығым таба алдым ба?
Дауылдай албырт күнім, аңғырт күнім,
Қалыпсың достарымның хабарында.
Күндіз-түн ән салған кез дүрілдетіп,
Басымнан кетіпті ғой бір күнде өтіп.
Барамыз дос үйіне, келіншегі
Қарар ма келесін деп кімді ертіп.
Шытпай-ақ келіншекке қабағымды,
Берермін кідірместен жауабымды:
— Келемін досымменен көрейін,— деп
Кішкентай суретімді бала күнгі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері