Апа, сенде Тәңір бар, Жасаған бар – Ақұштап Бақтыгереева‎

Бұл бетте «Апа, сенде Тәңір бар, Жасаған бар» атты Ақұштап Бақтыгереева‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 2
  • 10281
Апа, сенде Тәңір бар, Жасаған бар,
Ал біздерде алаяқ, асаған бар.
Тас көше бар, тас үй бар, темір қақпа,
Айқайласаң ашпайды-ау тас адамдар.
Сөзге жауап қатпайды сұрағанмен,
Әділдіктен қашқақтап тұрады әрмен.
Бәрібір, апа, мені жан жұбатпас
Сен өлді деп шыңғырып жылағанмен.
Шындықты айтсаң «нақұрыс, тентек» дейді,
Жүрегіңді жұлып ап көрсет мейлі.
Мейірімнен айрылған ортада, апа,
Көз жасқа да көп адам селт етпейді.


Пікірлер (2)

Байтугурова Инабат

Сиздердин олен,такпактарыныз асер калдырады екен отте тамаша олендер.♡

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері