Аңғармай өң мен түстің не екенін де – Ақұштап Бақтыгереева‎

Бұл бетте «Аңғармай өң мен түстің не екенін де» атты Ақұштап Бақтыгереева‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5559
Аңғармай өң мен түстің не екенін де,
Жүрейін бал сезімнің жетегінде.
Сен мені алдарқатып, абайсызда
Алып қаш алыс жолға кетеріңде.
Білдірмей ішкі сырды күліп кел де,
Айтып қой ат әкел деп жігіттерге.
Қыздардың әдеті бар келіспейтін
Бұлқынсам, сүймейді-ау деп күдіктенбе...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері