Роза қыздар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Роза қыздар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 6075
Бұл қалада сонау бір жыл
Роза атты көп еді қыз.
Роза — бұлбұл, Роза — бір гүл,
Деп келетін өлеңіміз.
Әнге бөлеп жаздың түнін,
Көйлектерді киіп түстеп,
Роза қыздар роза гүлін
Жүруші еді сүйіп, иіскеп.
...Роза — әнші, Роза — күйші,
Көз ілеспес оң қолына.
Роза — ғалым, Роза — сыншы,
Қатал өлең жолдарына.
Роза қыздар көп болсайшы,
Роза гүлдей даладағы.
Желмен ұшпай тоқтасайшы,
Сұлулардың орамалы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері