Қырғыз достар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қырғыз достар» атты Сырбай Мәуленов жазған достық туралы өлең берілген.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3282
Көкірегімде кете барды көп жұлдыз —
Қырғыздардың қыздарының көздері.
Көкірегімде-кете барды көп қырғыз —
Күлкілері, әзілдері, сөздері.
Көкірегімде кете барды таулары,
Тауларының құздары мен шыңдары.
Көкірегімде кете барды орманы,
Бір кеудеме қалай сиып тұр бәрі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері